newWidget
Жошы хан - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Жошы хан

«Қай күні алқымыма азуын салар екен деген алаңмен күнің өтер... Бәрін бір қалыпқа саламын деп жүргенде түркі баласы өзі жұтылып, өзегінен айырылып қалмай ма? Көп қорқытады, терең батырады... Сонда түркі баласының қара шаңырағы қайда қалады? Кім ие болады? Заманнан заман өтер, лек легімен ұрпақ келер... Сонда солардың бізге айтары алғыс бола ма? Қарғыс бола ма?»

Жошы хан – Ұлы дала кіндігі Ұлытауда Жошы ұлысының ордасын тіккен хан, Шыңғыс қағанның үлкен ұлы. Түркі баласын бір тудың астына жинап, артынан ерген елдің тыныштығы мен біртұтастығын ойлаған оғлан. 

Шыңғыс ханнан кейін қаны түркі баласына бір шаңырақтың астына бас қосқызып, бір қазаннан дәм татқызған, тағдырын бір қазыққа байлаған Жошы өмірі - елдің елдігін, ділдің бастауын көрсететін құндылық.

banner