newWidget
«Жезкиік» Ықылас Дүкенұлына арнау - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«Жезкиік» Ықылас Дүкенұлына арнау

«Жезкиік» Ықылас Дүкенұлына арнау

Өтетін орны: Астана қаласы, Республика даңғылы, 2, ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының концерт залы

Күні: 16 маусым 2023

Басталуы: 19:00 

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут 

Жас шектеуі: 7+ 

Қосымша:

 

 

 

Халық композиторы Ықылас Дүкенұлы (1843-1916) қобыз мектебінің негізін қалаушылардың бірі болып саналады. Шығармашылық ортадан шыққан, атасы да, әкесі де күйші болған Ықылас бала кезінен ауызекі өнердің мотивтерін (жыр, аңыз, ертегі, қисса) бойына сіңіріп, ертеден күйші болуға бел байлаған, 7 жасынан бастап әкесінің күйлерін орындап, 15 жасында қалың көрерменнің алдында өнер көрсеткен. Жас жігіттің ерекше талантын атақты ақындар Жанақ Сағындықұлы мен Шөже Қаржаубайұлы атап өтсе, оның музыкалық орындаушылық шеберлігіне әйгілі Тәттімбет жоғары баға берді. Ықылас 18 жасында әкесінің күйлеріне үлкен өзгерістер енгізіп, оны классикалық форманың биігіне көтерді, сонымен бірге қобыз үнінің тазалығы мен анық шығуы үшін күресе бастайды. Ахмет Жұбановтың айтуы бойынша, ол «бақсының қолынан қобызды бірінші болып жұлып алып, адам дауысы бар тамаша халық аспабын халықтың жаңа өміріне қызмет етуге ұсынды».

Ықылас қылқобызда ауызекі халық өнерінің туындыларын орындай отырып, аспаптың дыбыстық кешенін қатар дамытып, тереңдете түсті. Оның алғашқы төл күйлері фольклормен тығыз байланысты. Басқа да бірқатар музыкалық шығармаларда олар ерекше қарқынмен, ырғақты құрылысымен, тақырыптық ауқымының жан-жақтылығымен, идеялық мазмұнымен ерекшеленеді. Олардың қатарында «Кертолғау», «Қоңыр», «Ықылас», «Қазан», «Қамбар-Назым», «Жезкиік», «Аққу», «Шыңырау», «Жалғыз аяқ» атты батырлық-эпикалық, философиялық-лирикалық күйлері, сонымен қатар «Ерден», «Жарым патша», «Бестөре» және т.б әлеуметтік-азаматтық, сатиралық күйлері бар.

Осы және өзге де әуендердің барлығын «Жезкиік» кешінде филармония әртістерінің орындауында тыңдауға болады. Қазақ оркестрі мен шебер қобызшылар Жұмагүл Қуанышқалиева, Ақерке Жөкен, Айдос Оңғарбай, Ақнар Шәріпбаева композитордың ең танымал шығармаларын орындайды.

Сонымен қатар, сахнада Қайрат Жүнісов өнер көрсетіп, Ақнар Шәріпбаеваның Ғафу Қайырбековтың өлеңдеріне жазылған «Елдің Ықыласы» әнін және өзі шығарған «Атаға арнау» әнін көпшілікке ұсынады. «Ықылас ата ізімен» авторлық композициясымен «Құрмет» орденінің иегері Жанар Жүсіпова сахнаға шығады. Осы кеште көрермендер Шолпан Шарапатова, Әділет Сейітқұлов, Айдана Сатыбалды, Фариза Көшеғұлова, Райхан Омар (сазсырнай), Шынар Дүйсенғалиева сынды кәсіби шеберлердің орындауында Ықыластың күйлерін тыңдайды.

Қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымов. Дирижер – Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.

Ықылас артына баға жетпес мұра мен көптеген шәкірттерін қалдырды. Бұлар халық өнерінің белгілі майталмандары Сүгір Әлиұлы, Ашай, Айкен, сондай-ақ Ықылас Түсіпбектің баласы да қобызда шебер ойнаған. Ықылас көзі тірісінде адамдар қобызда ойнауды үйренсе екен деп армандаған. Оның арманы орындалды – қобыз қазақ халқының сүйікті аспаптарының бірі болды, ал Ықыластың өзі өз шығармаларында өмір сүруді жалғастыруда.