Бұл қойылым соғыстан кетіп, осында, Алматы қаласында пана тапқан адамдармен сұхбат негізінде құрылған деректі оқиға. Осыған қоса, қойылымға Алматының түпкі тұрғындарының да ой-толғаныстары қосылған.
Не себептен осында келдіңіздер?
Қазақстан сіздерді қалай қарсы алды?
Ары қарай не болмақ?
Босқындар келгелі қала өзгерді ме?
Алматы ма, әлде Алма-Ата ма, қайсысы дұрыс?
Осы сияқты сұрақтардың жауабын біздің қойылымымыздың көрермен залына келіп, көріп білуге болады.