newWidget
- Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

2021 / 2022                   Үлкен зал             ІХ маусым

22 қазан * жұма * 19.00

 

КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері

ӘЛІБЕК ДІНІШЕВТІҢ

мерейтойлық концерті

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты Әлібек Дінішевтің 70 жылдық мерейтойына арналған концерт өтеді.

Қазақстандық көрермен қауымның сүйіктісі Әлібек Дінішевті таныстырудың қажеті жоқ – ол өзінің керемет дауысымен әрі айрықша әсерлі орындау лиризмімен Отанымыз бен шетелдегі опера және камералық вокал сүйер қауымның жүрегін әлдеқашан жаулап алған.

Концерттік бағдарламаға Александр Беляковтың жетекшілігімен Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі қатысады. Кеште әлемдік камералық-вокалдық классика туындылары, қазақ және орыс халық әндері, сондай-ақ мерейтой иесінің орындауында заманауи композиторлардың әндері шырқалады.

Билеттерді кассадан және театр сайтынан сатып алуға болады.

 

Орындаушылар:

Әлібек ДІНІШЕВ, КСРО Халық әртісі (тенор)

 

Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі

 

Дирижер – Александр БЕЛЯКОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады