newWidget
Ярослав Евдокимов Алматыда - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Ярослав Евдокимов Алматыда

ЯРОСЛАВ ЕВДОКИМОВ

«Сіздердің сүйікті әндеріңіз!» бағдарламасымен

Үлкен және орта буындары үшін сирек және қуантатын оқиға - миллиондаған жандар үшін сөзсіз сүйікті әнші Ярослав Евдокимовтың жуырда болатын ән шашу концерті. Евдокимовтың туындылары әрбір үйде әндетілетін кездердің естеліктеріне баурана отырып, аңсау толқынына берілетін боласыздар. Әншінің концерттеріне билеттер күні бүгінге дейін үлкен сұранысқа ие, және, айта кетуге тұрар жайт, әртістің жанкүйерлер қатары жылдар өте келе көбеймесе еш сиремеген. Сондықтан егер сүйікті әндеріңізді жанды орындауда тыңдағыларыңыз келсе, Ярослав Евдокимовтың концертіне билеттерді сатып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар. 

Алғаш рет Евдокимовтың сазды дауысы радио және теледидарларда 80-ші жылдарда естілді, әртіс көрермендер жүректерін өзінің әсем дауысымен ғана емес, қайталанбас әсерлігімен де әп сәтте жаулап алды. Әншінің жанды, рухани, лирикалық әндерінде көрермендеріне деген махаббатын білдіріп жүргеніне отыз жылдай болды. Бұл әндерінің көбісі халық аузында әндетіліп кеткен, сіздердің араларыңызда да әншінің «Маменька» немесе «Колодец» атты туындыларын алғаш рет қайдан естігенін байқамай шырқап жүргендеріңіз табылатыны сөзсіз. 

Ярослав Евдокимов сахнаны тастамай, өзінің дарынымен қуантып жүргені үлкен қуаныш. Әрине, бүгінгі күндері әртістің концерттеріне қол жеткізу оңайшылыққа соқпайды, себебі әнші орындауын сирек паш етеді. Бәлкім, әртістің жаңа орындаулары орасан зор шу көтеріп, билеттері толықтай сатылып кетуіне осы себеп шығар.

Осыған қоса, Евдокимов өткен жылдардың бәріне таныс және сүйікті хиттерін сомдап қана қоймай, көрермендерінің жоғары талғамын ескере отырып, өзінің репертуарындағы жаңа туындыларымен де таныстырады. 

Ярослав Евдокимов концерті «Сіздердің сүйікті әндеріңіз!» деген атау алды, және осы атаудың өзі-ақ әртіс өнерін сүйіп тыңдаушыларға қуанышқа толы сәттерді сыйлайтынына әбден сендіреді.