newWidget
«НейроҚазақстан» көрмесі - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«НейроҚазақстан» көрмесі

Өтетін орны: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 137, Жамбыл көшесінің қиылысы, Ә. Қастеев атындағы Орталық көрме залы

Күні: 20 қаңтардан 30 наурызға дейін, 2024 жыл

Бағдарлама: жасанды интеллект пен Алматы суретшілері жасаған туындылардың экспозициясы

Басталуы: 10:00

Ұзақтығы: 10:00-ден 19:00-ге дейін (дүйсенбі демалыс күні)

Жас шектеуі: шектеусіз

Қосымша: 7 жасқа дейінгі балаларға, I және II топтағы мүгедектерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне кіру тегін

Бағаға мыналар кіреді: көрмеге кіру, квест, иммерсиялық фильм, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аудио-гид

Көптеген сұраныстардан кейін, 20 қаңтардан 30 наурызға дейін Алматы қаласының орталық көрме залы және Plan В галереясы «НейроҚазақстан» көрмесін ашатынын қуана хабарлаймыз. «НейроҚазақстан» - Алматы қаласының төрінде 2024 жылы болатын ең инновациялы көркем көрмелерлің бірі. Көрермен қауымына толықтай нейрожелілердің көмегімен жасалған 120-дан астам роботтардан тұратын революциялы топтамасы ұсынылатын болады. Экспозициялардың бір бөлігін Жасанды интеллектін пікірінше Қазақстанның бейнесі көрсетілген туындылар құрайды. Жоба қонақтары табиғаттың, сәулет өнерінің, отандық асхананың нейрожелілер жасаған баламалы кейпін тамашалайтын болады. 

Жобаның шарықтау шегінде «Сандық эволюция» иммерсиялық фильмі көрсетілмек. Келушілер мультимедия залының қабырғалары мен едендеріне проекцияланатын фильмнің және айналада болып жатқанның сарынына толықтай еніп, сезіне алады. Бұл фильм - идея әлемі мен материя әлемінің арасындағы байланысты қайта қарастыру, даму мен эволюция жайлы еркін көркем ойлану. 

Оған қоса, ұйымдастырушылар экспозициялармен көңілді түрде жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін квест дайындады, ал әрбір қонақ қалауы бойынша көрменің аудиогидін өз құрылғысынан тыңдай алатын болады. 

Ыңғайлы жұмыс уақыты мен керемет локация - осы көрменің қонағы болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!