newWidget
«Бастама» бітірушілер қойылымы - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«Бастама» бітірушілер қойылымы

Өтетін орны: Алматы қ., Досмұхамедов к-сі, 78А, Қабанбай батыр көшесінен кіреберіс, ART-BUNKER баспанасы

Режиссер: playback - "Т. Р. И."театры

Жанр: қойылым

Ұзақтығы: 90 минут

Жас шектеуі: 16+

 

 

 

 

 

Сіздер әңгіме айтасыздар, ал біз оларды көрсетеміз!

Playback-театр - естілген оқиғаларға негізделген импровизация шеберлігі. Қойылым дәл сахна төрінде дәл сол уақытта жасалып, қалай өрбитіні бәрімізге беймәлім болады.

Сіздерді playback-техникасына негізделген актерлік шеберлік курсы студенттерінің бітіру қойылымына қуана шақырамыз. 3 ай бойы түлектер импровизация, playback-театр, актерлік шеберлік, эмпатия және психодрама негіздерін игеріп келді. Дәл осы айтулы күні жас өнерпаздар өздерінің барлық шеберліктерін паш етуге дайын.

Актерлердің бастамаларын қолдауға келіңіздер, өз жолдарыңыз қалай басталғаны туралы сыр шертіп, сахнада өз тарихыңызды көруге дайын болыңыздар. Кіру тегін.