«Battal» - бұл үш театр ұсынған үш пластикалық перформанс.
Қойылымдарда көрермен актерлер арасындағы үйреншікті үнқатысуларды естімейді, баяндау хореография мен дене тілімен жеткізілетін болады.
Пластикалық спектакльдер - бұл хореография, жарық, музыкалық сүйемелдеу және костюмдер мағыналардың алуан түрлілігін толықтыратын және бейнелейтін жұмбақ құпия.
«ТАБИҒИ» перформансы
ТЕАТРАРИТИ
Режиссер-хореограф: Мирзо Мирзоев
Ұзақтығы: 30 минут
Сипаттамасы: Би арқылы биші-актерлер бізді күнделікті қоршайтын тұрмыстық жағдайларды бейленейтін болады.
Көптеген жағдайлар сол табиғилықтың, тіпті моральдың шегінен де шығып кетеді.
Айналада біз мән бермейтін, бірақ қайтымсыз зардаптарға әкелетін көптеген әрекеттер орын алуда.
Хореографияның әдеттегі іс-әрекеттермен қалай қатар өмір сүре алатындығы және би арқылы сөзден көп жеткізуге болатыны туралы оқиға.
«СОҢҒЫ БАЛЫҚШЫ» перформансы, Teatro89
Режиссерлер: Тимур Загидуллин және Франк Вальдес.
Ұзақтығы: 20 минут
Сипаттамасы: «Соңғы балықшы» - Қазақстандық-Кубалық режиссер мен хореограф Франк Вальдестің «Шал және Теңіз» (Э.Хемингуэй) классикасы бойынша авторлық атауы және пластикалық баяндауы.
Бұл Құдаймен шынайы шығармаластық туралы оқиға. Қолдан келгеннің бәрін істеп, біздің қарамағымызға жатпайтын дүниелерді Жаратқанның әміріне салу. «Бұйырғаны болар». «Құдай қолдасын» десті.
«Kinetica» перформансы, Jolda LAB.
Режиссёр: Жанна Туленды
Композитор: Константин Кохан
Ұзақтығы: 25 минут
Сегіз бишілер көрермендерге әртүрлі уақыт аралықтарында өмір сүрген сегіз математик әйелдердің хикаяларын би арқылы паш ететін болады.
Оқиға желісі ғалым қыздарымыздың және сандар кейпін жамылған бишілердің өмірбаяндарынан алынған фактілеріне негізделеді. Бишілердің әрбір сөздері мен қимылдарына салынған математика сахна төріндегі өнерді, сондай-ақ, көрермендердің ойлары мен сезімдерін бір жүйеге жинақтауы әбден мүмкін.