newWidget
«Унесенные Голливудом» қойылымы - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«Унесенные Голливудом» қойылымы

Бұл шынайы оқиға әлі аңызға айналар еді, алайда әзірше ол тек ғаламтор желісінің пайдаланушыларына ғана аян. Бір кездері әлдебір голливудтық продюсер бестселлер кітап бойынша фильм шығаруды ұйғарыпты. Ол үшін бәрі жасалды: жазушыдан құқықтарға ие болды, актерлер іріктелді, кино түсірілімі басталды, қарыздарға батты. Барлық продюсерлердегідей. Кенет ол жаңа және тиянақты сценарийсіз ешбір фильмді түсіре алмасын аңғарды. 

Осылайша продюсер өзіне жаңа сценарист пен режиссерді іздестіре бастайды. Оларды тапқаннан кейін, бірден бес күннің ішінде Маргарет Митчеллдің «Унесённые ветром» кітабы бойынша сценарий жазуды тапсырады. Бір гәп: не сценарист, не режиссері де ол кітапты оқымаған екен, алайда сценарий қалай да болсын дайын болуы керек. 

Кеңседе қамалып, түн ұйқысын төрт бөліп, жүйкелері сыр берсе, продюсер азық іздеген арландай гольф клюшкасымен қастарынан кетпейді. Шын өмірде бәрі дәлме-дәл осылай болған сияқты, қателеспесек. Алайда қойылым режиссері Гарольд Стрелков пен актерлік топ жасағандай ерекше күлкілі болған ба еді, кім білсін.