newWidget
Тұғырлы Ел - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Тұғырлы Ел

Қазақ музыкасына деген шынайы сүйіспеншілік,  дарындылық пен аспаптарды шебер меңгеру ,ондаған жылдар бойы ұлттық мәдени мұраны сақтап, кеңінен насихаттап келе жатқан атақты топтың жетістігінің кепілі.

Концерт бағдарламасында композиторлар Қарагөз Гасимованың «Аңыз дала», Тоғжан Жахиннің «Думанды Сарыарқа», «Сарын», «Сақ даласы», Шығыс Маханның «Аққу арман» және Ержан Тоқсабановтың «Тұғырлы ел» шығармалары орындалады. Композиторлар «Сарыарқа» халық музыкалық ансамблінің музыканттары.

Ансамбль әртістері Әділет Сейітқұлов (қобыз), Ақерке Жөкен (нар қобыз), Қарагөз Гасимова (жетіген), Райхан Омар (саз сырнай), Гүлдара Нариман (прима қобыз), Венера Дүйсенбекова (прима қобыз) , сонымен қатар ансамбльдің домбырашылары жеке өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, концертке халық ән бөлімінің әншілері, Мәдениет саласының үздігі Айгерім Нартүйе, Нұрай Танабаев, халықаралық байқауларының лауреаттары Өзгеріс Шерікбай, Сәулежан Тағзия қатысады.

«Сарыарқа» халық музыка ансамблі 1998 жылы құрылған. «Сарыарқа» ансамблі құрамында қобыз, сыбызғы, шаң-қобыз, саз-сырнай, жетіген, домбыра, адырна, шертер, дабыл, дауылпаз, қоңырау, асатаяқ, тұяқтас сынды таңғаларлық әуезді дыбыс беретін қазақтың көне және заманауи аспаптарында ойнайтын жоғары кәсіби музыканттар жұмыс істейді. Сонымен қатар аспаптардың құрамында баян мен блок-флейта бар.  

«Сарыарқа» халық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі - Мәдениет саласының үздігі Тоғжан Жахин.

Халық әні бөлімінің көркемдік жетекшісі - Мәдениет саласының үздігі Телман Нұркенов.