newWidget
Труффальдино (КАТМК) - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Труффальдино (КАТМК)

Оқиға XVIII ғасырдың Венециясында орын алады. Труффальдино есімді айлакер Федерико Распони атты синьорға шабуылға тойтарыс беруге көмектесіп, оның қол астында қызмет атқаруға тұрады. Оның қожайыны - марқұм ағасының аты мен кейпін жамылып, өзінің сүйіктісі Флориндо Аритузиді іздеуге тырысқан дворян әйел Беатриче Распони. Осы кейпімен ол венециялық көпес Панталоненің үйіне келеді, ал бұл жерде барлықтары Распонидің қайтыс болғанына кәміл сенетін еді. 

Осы жағдай қожайынының келгені туралы хабарлайын деген байқұс Труффальдиноға түсіндіріледі. Ал оның кейін, қожайынының қолы бос емес болғанда, тағы бір мырзаға пайдасы тиеді... Алайда одан кейін Труффальдино өзінің «қайтыс болған»  қожайынын кезіктіріп, бірінші қожайынын тастамай, көбірек пайда көру үшін екі ақсүйекке де қызмет ете бастайды.  Оның екінші қожайыны Беатриченің ағасын дуэльде өлтірген деп күдіктелген және Венецияға қашқан Флориндоның өзі болып шығады. 

Тапқырлығынан гөрі, сәттілігінің арқасында Труффальдино шытырман оқиғаларға тап болып және олардан шапшаң түрде құтыла отырып, біраз уақыт екеуіне де табысты қызмет етеді. Беатриче Фредерико кейпінде баяғы кездері шын Фредерикомен атастырылған қарт Панталоненің қызымен өтетін тойды күтіп жүрген түр танытуға мәжбүр болады. Алайда Панталоненің қызы, Клориче, доктор Ломбардидің ұлы - Сильвионы жақсы көреді екен. Ақырында барлығы оңтайлы шешілетін болады. Беатриче Флориндомен қосылып, Клариче Сильвиоға тұрмысқа шығып, тіпті Труффальдино өзіне жан жары ретінде Смеральдина есімді Клариченің қызметшісін табады. 

Қойылым ерекшеліктері

К.Голдонидің пьесасы бойынша әйгілі «Бергамодан келген Труффальдино» фильмінің нұсқасы Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының сахнасындағы «Труффальдино» қойылымына қарағанда анағұрлым ауқымды. Музыкалық және мәтіндік материалдар қайта қаралып, ішінара қысқартылған болатын.

Барлық сценалар барлық, сюжеттік желілер үйлесімді құрастырылған, бүгінгі күн мен сол кездердің мінезі өзара үйлесе бірлескен: Клариченің мінезі аса заманауи жас қыздың бейнесімен үйлескен, Сильвиода нәзік және көңіл жықпайтын жігіт ретінде келтірілген, Бригелла - қылықты және жеңіл мінезді, кез келген жағдайдан пайда көре алатын коммерсант. Сценография ең терең бөліктеріне дейін жақсы ойластырылып, Гольдони шығармасында сипатталатын заманның талаптарына жауап бере отырып, уақыт пен оқиға бейнесінің басқаша көрсетілуі де шебер орындалған. 

Сюжетте пайда болған гондолла, заманауи хореографиялық қойылымда махаббат желісінің күтпеген шешімі, динамикалық декорация, көрермендермен әрекет - осының барлығы дәуірдің, ғұрыптың және сюжеттің қайталанбас реңкін тудырады. 

Мюзиклге театрдың жетекші вокалистері, хор және балет әртістері қатысады.

banner