Спектакль С.Маршактың бала кезімізден бәрімізге таныс «Үйшік» деген ертегісі бойынша қойылған. Бұл бір үйшікте баянды өмір сүретін әлсіз, бірақ досшыл тұрғындардың күшті және жыртқыш жауларына тойтарыс бергені туралы баяндайтын қызықты және ақылға толы қойылым.
Кішкентай көрермендеріміз осындай өнегелі ертегіден достық, көмек пен батылдық кез келген қиын сәтте арқау болатынын көңілдеріне тоқи алады.