Драмада бүгінгі күн оқиғасы бейнеледі. Машинамен кісі қағып кеткен жалғыз ұлдарын пара беріп соттан құтқармақ болып шарқ ұрған ерлі-зайыпты. Ақыры әйелі «тендерге түсіп» сатылады. Нәтижесінде драма кейіпкерлерінің бәрінің малы түгел. Тек бәрінен түңілген, «намыстан өлген» отағасы ғана тентіреп кетеді… «Баланың жолында жан құрбан», – дейді ата-ана. Бірақ, шаңырақты ортаға түсірген мұндай құрбандықта мән бар ма?!.
Қоюшы режиссер - О. Кенебаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
Қоюшы - суретші - Е. Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері
Музыкамен көркемдеуші - Е. Есенбаев
Режиссердің ассистенті - Б. Тұрыс, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты
Режиссердің көмекшісі - А. Қабдешова