newWidget
Жануарлардың құпия өмірі. Қанатты шытырмандар (2022) - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Жануарлардың құпия өмірі. Қанатты шытырмандар (2022)

Шығарылған жылы: 2022

Дистрибьютор: Меломан

Өндіріс елі: Корея Оңтүстік

Режиссер: Джун Гил-хун

Басты актерлер: Ким Со-ен, Ли Юн-хи, Ким Юн-а, Джун Хэ-ри

Жанр: мультфильм, шытырман оқиғалар, балалар

Ұзақтығы: 76 минут

Жас шектеуі: 6+

Премьера күні: 18 шілде, 2024 жыл

 

«Жануарлардың құпия өмірі: қанатты шытырмандар» мультфильмінде қырғауылдардан тұратын Катури отбасы туған орманының жайлы бөктерінен абыр-сабыр қалаға көшуге мәжбүр. Жаңа жерде оларды еті үйренбеген жағдайлар ғана емес, сондай-ақ олар ойлағаннан әлдеқайда үлкен қауіптер де күтіп тұр екен.

Қырғауыл отбасының анасы жағымсыз жағдайға тап болыпоы, енді оның жас әрі мүлде тәжірибесіз балаларына жараланған анасын құтқару және үйіне қайтару үшін көптеген сынақтардан өтуге тура келеді. Бұл саяхатта олар қала көшелері мен саябақтарында түрлі жануарларды кездестіріп, олармен достасып та, қарсы тұрып та үлгеріп, өздерінің адалдығы мен төзімділігін сынайтын болады.

Бұл мультфильм көрермендерге достық, отбасылық құндылықтар мен батылдық туралы қызықты оқиғаны ұсынып, осы қасиеттердің кейіпкерлерге қалай көмектескені туралы сыр шертеді.