newWidget
«Лолита» қойылымы Талдықорғанда - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«Лолита» қойылымы Талдықорғанда

Маусымның көптен күтілетін тұсаукесері, Владимир Набоковтың естен тандырып, адамды адам кейпін жоғалтқызатын Құлшыныс, ессіз Махаббат туралы ең танымал романының қойылымы.

Романның қойылымы Владимир Набоков құрметіне деген орасан зор сыйластық және сүйіспеншілікпен орындалды. Бұл ретте қойылым ұлы ресейлік классик еңбегінің қызықсыз мазмұндамасы емес, иірімділік және заманауи хореографияға толысқан қуатты орындау болып келеді.

Сценография мен костюмдер автордың өмір сүрген жылдарына апарғандай болады. Қойылымға келген көрермендер тамашалаған көріністің әсері ұзақ уақытқа сақталатынына кәміл сенеміз. 

Гумберт - Прохор Дубравин («Жабық мектеп», «Ойын» және т.б.);

Куилти - Евгений Воловенко («Соғыс уақытының заңдары бойынша»);

Лолита - Лима Расулова («ЦДР»);

Шарлотта - Виолетта Давыдовская («Дау баласы», «Робинзонның әйелі», «Сіз маған сай келесіз»);

Рэй - Сергей Тодоров («ЦДР»).

РЕЖИССЕР - Николай Коробов (Таганкадағы Мәскеу театры)

СЦЕНОГРАФИЯ - Ольга Башлакова (Беларусьфильм)

КОСТЮМДЕР БОЙЫНША СУРЕТШІ - Наталья Кузнецова (Мосфильм).