newWidget
«Қәриз» қойылымы - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«Қәриз» қойылымы

Ильхом Зойирдың «Парыз» комедиясы адамдар арасындағы қарым-қатынасты, дәлірек айтқанда, ата-ана мен баланың күрделі байланыстың мәселелерін тақырып етеді. Оқиға желісі Нұр есімді басты кейіпкердің отбасында орын алмақ, шал өзінің жалғыз ұлының есік алдындағы шағын үйді пана етеді екен. Жұбайынан айырылған соң Нұр шал өзінің балаларын әдепті әрі мейірімді етіп тәрбиеледім деп санаса керек, алайда уақыт өте келе бұның олай емес екендігіне көз жеткізетін болады. Себебі сақалына ақ түскен әкесі өз балалары үшін қосымша әуре болып шығыпты. Бір шаңырақ астында тәрбие көріп, өскен балалар өз өмірін бастап, өз шаруаларымен айналысып, әкелерінің хәл-жағдайын сұрасуға мүлде ұмытады екен. Алайда әкелерінің қолында үлкен байлық - нағыз алтын түскенін білгеннен кейін, балаларының оған деген қарым-қатынасы күрт оң жаққа өзгеріп шыға келеді. Ал Нұр шал болса өз әкесінен мұралыққа қалған жалғыз дүниесін балаларына бөліп бермек. Әр баласының ойы бір - қайткенмен мұраның ең зор үлесін өз қарамағына алу. Туынды соңында көрермендердің көкейінде: «Осыншама тас жүрек болған перзенттерді кешіру керек пе?» деген сұрақ оянады.