Күні: 13 қазан 2021 ж
Уақыты: 19.00
Жанр: концерт
Ұзақтығы: 1 сағат 30 мин.
Жас шектеуі: 5+
Тұрақ: жоқ
Қосымша: театрға барған кезде бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет, сонымен қатар сатып алынған билеттерде көрсетілген орындарға сәйкес аудиториядан орын алуды сұраймыз.
Құрметті көрермендер!
Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры өзінің негізгі қызметін қауіпсіз жүргізу бойынша Ashyk пилоттық жобасының мүшесі болып табылады, оның аясында театрға барудың арнайы ережелері әзірленді:
1. Театрға келмес бұрын телефонға арнайы «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп алу қажет. Телефон нөмірі бойынша кіріп, ЖСН енгізіңіз. Театрға кіруді тіркеу үшін театр билеттерін тексермес бұрын объектінің жеке QR-кодын сканерлеп, нәтижені театрдың тиісті қызметкеріне көрсетіңіз.
2. Егер сіз «Ashyq» қосымшасын қолдана алмасаңыз, өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді (немесе ЖСН -ні білу) алу жеткілікті. Тиісті театр қызметкері сіздің мәртебеңізді арнайы бағдарлама арқылы тексереді.
3. 5 жастан асқан балалармен театрға баруды жоспарлап отырған ата -аналар да баланың ЖСН білуі қажет.
4. Театрға бару үшін Қазақстан Республикасының резиденті еместер тексеру үшін тиісті театр қызметкеріне паспорт нөмірін беруі керек.
Гала-балет
How long is now?
Р.Ребектің бір бөлімді балеті
«Астана Опера» театрының балет әртістері екі бөлімнен тұратын БАЛЕТ КЕШІН ұсынады.
Бірінші бөлім – классикалық балеттерден па-де-де, заманауи отандық және шетел хореографтарының миниатюралары енген Гала-балет.
Екінші бөлім – заманауи неміс хореографы Раймондо Ребектің бір бөлімді How long is Now («Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?») балеті.
«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА, Ресейдің Халық әртісі.
ГАЛА-БАЛЕТТІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
А. Адан. «Корсар» балетінен трио. М.Петипаның хореографиясы
Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Еркін РАХМАТУЛЛАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Олжас ТАРЛАНОВ
Л.Минкус. «Дон Кихот» балетінен сыған биі. М.Петипаның хореографиясы
Наталья КОНДЯ, Қуат КӘРІБАЕВ, балет әртістері
Р.Дриго. «Арлекинада» балетінен па-де-де. М. Петипаның хореографиясы
Шұғыла ӘДЕПХАН, Серік НАҚЫСПЕКОВ
«Дала үні» балетінен дуэт. Р.Гайсиннің музыкасы. П.Бананың хореографиясы
Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ, Далер ЗАПАРОВ
А. Адан. «Корсар» балетінен па-де- скляв. М.Петипаның хореографиясы
Мөлдір ШӘКІМОВА, Айбар ТОҚТАР
Steppe Sons «Қорқыт». А.Садықованың хореографиясы
Еркежан ЖҮНІСОВА, Сұлтанбек ҒҰМАР
Л.Минкус. «Дон Кихот» балетінен Гран-па. М.Петипаның хореографиясы
Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Бақтияр АДАМЖАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, балет әртістері
Қоюшы хореограф – Раймондо Ребек
Сценография (Р.Ребектің эскиздері бойынша) – Виктор Караре
Жарық бойынша суретші – Карло Черри
Костюмдер бойынша суретші (Р.Ребектің эскиздері бойынша) – Арасель Досмұратова
Неміс хореографы Р.Ребектің «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» балеті – бұл уақыт пен оның жекелеген сәттері туралы пәлсапалық ой-толғау.
Өмірдің сан алуан кездерінде Қазіргі сәт қанша уақытқа созылуы мүмкін? Ғашық жанға сүю сәті тоқтаусыз болып көрінер, ал махаббат азабы мәңгілік жадында сақталып немесе із-түзсіз өшуі мүмкін... Өмірдің азабын тартқан адамдар мен рахатын көргендер үшін уақыттың ағымы әрқалай сезіледі.
Бүгін – бұл ертеңгі күн үшін өткен шақ, себебі қазір ғана орын алған жайт әп-сәтте кешегіге айналады. «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» деген сауалға Льюис Кэрролдың «Ғажайыптар еліндегі Алиса» ертегісіндегі басты кейіпкердің ұқсас сұрағына берілген Қоянның жауабы дәл келеді: «Қазіргі сәт, мәңгіліктей, кейде көзді ашып-жұмғанша өтеді де кетеді».
Р.Ребектің балетінде бишілердің үш жұбы адам өмірінің әр кезеңін бейнелейді. Дарынды хореограф уақыт ағымы мен оны сезіне білу мәселелерін хореографиялық әдістер арқылы зерттеуге бірегей талпыныс жасайды.
Қойылымда М.Рихтер, Г.Эскот, Э.Боссо, О.Арнальдс және «1+1» фильміне арналған саундтрек авторы ретінде айрықша танымалдылыққа ие болған Л.Эйнаудидің, сондай-ақ «Les Tambours du Bronx» («Бронкс барабандары») тобының музыкасы пайдаланылған.
КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР
Уақыт – Арман УРАЗОВ
Бозбалалық шақ – Шұғыла ӘДЕПХАН, Айбар ТОҚТАР
Жастық шақ – Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ, Олжас ТАРЛАНОВ
Кемелденген шақ – Мөлдір ШӘКІМОВА, Рүстем СЕЙІТБЕКОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
«АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ