Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 10 қараша күні сағат 12.00-де жаңа форматта С.Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі өтеді. Бұл ең кішкентай көрермендерге арналған қызықты, өте тартымды, жағымды эмоцияға толы және музыкалық мазмұны бай, әсерлі қойылым. Ертегі айтушының қоңыр даусы
симфониялық оркестрдің жанды орындауына ұласып, ертегі желісінде болып жатқан барлық оқиғаларды тілсіз, кейіпкерлерді пластика мен мимика арқылы бейнелеу, сонымен қатар енгізілген балет элементтері ертеден келе жатқан ертегіні жаңа қырынан көрсетеді. Сіздерді «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісінің қойылымына шақырамыз және асыға күтеміз!