Рустам Надыршиннің Санкт-Петербургтік би театры «15 жыл тарихы» атты жаңбырасты шоуы мерейтойлық спектаклінің тұсаукесерін ұсынады.
Ұжымның мерейтойына арналған жаңа қойылымда өткен 15 жылға арналған жарқын, әсерлі және көркем ретроспектива паш етіледі. Біз ең қызықты, толғандыратын, кейде қорқынышты және қызықты тақырыптарды, фактілер мен сәттерді жинадық, оларды әзілге салып, ирония желегі арқылы өткіздік. Жыныс және жас ерекшелігіне қарамастан, әрбір көрерменді сезімдер толқыны, энергиямен қуаттану және де ең жарқын әсерлер күтуде. Бұл қарапайым би мерекесі ғана емес, бұл 15 жыл ішінде толқытқан ойлар мен күйініштер, осы сияқты сезімдердің барлығы актерлердің терең ойлы, жан түршігерлік монологтарында жаңғырып, мың бұралған бишілердің қимылдарында бейнесін табады. Уақыт судай зырылдап, біз елеместен өтіп кеткен секілді, бірақ бұлай санау қате. Себебі әрбір күн әлдебір қызыққа, жарқын сезімдер мен оқиғаларға толы болды емес пе! Ал соңғы жылдары мына әлемде ағы да, қарасы да, жақсысы да, жаманы да, толғандырғыш та, таңғалдырғыш та жайттар орын алып шықты, осының барлығы біздің жадымызда әлі ұзаққа сақталары сөзсіз. Осыншама оқиғалар ағынында біз ең-ең деген тұстарды бір түйінге жинақтап, өнер тілімен сіздерге осы сезімдердің барлығын жеткізетін боламыз.
Біздің қойылым өз бойында күш және қуат, әзіл және позитив, романтика және махаббат сияқты барлық маңызды дүниелерді жинақтады! Көрініс соңындағы нөмірлердің су ағынының астында орындалуы көп уақытқа сіздердің көңілдеріңізде сақталатыны анық!
Авторы және режиссері - Рустам Надыршин
Ассистент-сценаристер - Анастасия Евдокимова, Геральд Тайпуан, Никита Герасимов.
Хореографтар - Александр Семенов, Артем Попов, Илья Румянцев, Владислав Христюха, Константин Морозов, Олесь Захаров, Роман Матыцин, Руслан Шеметов, Сергей Ковалев, Юрий Загидуллин, Максим Шушкевич, Андрей Бейч, Ульяна Сахарова