newWidget
Жібек жолы (Astana Ballet) - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Жібек жолы (Astana Ballet)

Музыка: Арман Амар, Ренат Гайсин, Владимир Иванофф, Омар Фарук Текбилек

Либретто авторы: Бақыт Қайырбеков

Хореография: Мукарам Авахри

Хореограф көмекшісі: Айжан Жүнісова

Сценограф: Асқар Ысқақов

Костюмдер бойынша суретші: Әсел Шалабаева, Дина Буксикова

Жарық суретшісі: Роберт Даутов

Бейнешыншы: Нұрлан Керей

«Жібек жолы» (Бейбітшілік биі) атты екі актілі қойылымы жібектің пайда болуы және оның Ұлы жолының салынуы туралы баяндайды. Бұл - таңғажайып баураушылық көркемдікке ие медитациялық балет.

Жібек жолы - өзінің бастапқы даналығын қайта оятатын шабыт пен сұлулықтың бейнесі. Бұл Ұлы жол адамзатқа тауарлар, өнертабыстар, жаңа технологиялар және идеялармен өзара алмасу үшін қажет. Алайда ол ең қымбат дүниені бөлісуге мүмкіндіктің баршылық кезінде бейбітшілік орнаған кеңістікте ғана бой көтере алады.

«Жібек жолы» - бұл би мен әуен жолы, стильдер мен мәдениеттердің жанасуы. Жарқын, дәл, танымалы мазмұны мен мағынасы бар нәзік қимылдар театр сахнасында бүгінгі таңдағы адамзаттың ой өрісіне, жаңашыл эстетикаға сәйкес бейнеленеді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша «Жібек жолы» театры «Жыл балеті» номинациясы бойынша марапатталды.