ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Бәріне ортақ жауһарлар

Бәріне ортақ жауһарлар

Сипаттама

Камералық музыка кеші

«БӘРІНЕ ОРТАҚ ЖАУҺАРЛАР»

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Камералық музыка бұл музыкалық өнердің айрықша жанры, мұнда орындаушылар саны аз және тыңдаушылар тобы шектеулі болғандықтан, залда сенімге толы ерекше атмосфера орнайды. «Астана Опера» театры Камералық залының афишасы музыка сүйер тыңдарманды дарынды орындаушылардың есімдерімен және олардың алуан түрлі репертуарымен қызықтырады.

«Бәріне ортақ жауһарлар» концертінде музыкалық классиканы халықаралық байқаулардың лауреаттары Әсел Жақиянова (скрипка), Данияр Қадыралинов (виолончель), Зәру Жазықбаева (фортепиано), Жанна Ақтасова (саксофон), сондай-ақ саксофоншылар квинтеті ұсынбақ.

Кеш бағдарламасында композиторлардың венгр және чех халық музыкасының әуені ескен танымал камералық шығармалары орындалады. А.Дворжак, Б.Барток, Д.Поппер, П.Итурральденің камералық туындыларының әсерлі ырғақтары классикалық музыка әуесқойларын бейжай қалдырмайды.

БАҒДАРЛАМА:

А.Дворжак. №4 фортепианолық трио «Думкалар», op. 90

1. Dumka 1 Lento maestoso

2. Dumka 2 Poco adagio

3. Dumka 3 Andante

4. Dumka 4 Andante moderato

5. Dumka 5 Allegro

6. Dumka 6 Lento maestoso

Б.Барток. Скрипка мен фортепианоға арналған румын билері

Д.Поппер. Виолончель мен оркестрге арналған концерттік полонез, op. 14

П.Итурральде. «Грек сюитасы»

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Әсел Жақиянова (скрипка)

Данияр Қадыралинов (виолончель)

Зәру Жазықбаева (фортепиано)

Жанна Ақтасова (саксофон)

Саксофоншылар квинтеті:

Жанна АҚТАСОВА

Айдар ПЕРДЕБЕК

Марина ПЕН

Инабат ТӨЛЕГЕН

Меңсұлу ТЕМІРБЕКОВА

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал)

  • Күні

    12 қыркүйек, 2024

  • Уақыты

    19:00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 15 минут

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 12
    Қыркүйек
    Бейс
    Astana Opera
    Камерный зал
    бастап 4000 ₸
    бастап 4000 ₸