newWidget
- Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«Шаңырақ» музыкалық перформансыӨтетін орны: Нұр-сұлтан Қ., «Qazaqstan» ОКЗ

Күні: 16 маусым

Басталуы: 19:30

Әртістер: 

Тұрақ: бар

Жанры: музыкалық орындаушылық

Жас шектеуі: 7+

Қосымша: қойылым қазақ тілінде ұсынылады

 

 

«Шаңырақ» музыкалық перформансын тамашалауға шақырамыз!

Жаңа бағыттағы осы эксперименталды қойылымды «Astana musical» мемлекеттік театры ұсынады.

Барлық көріністер бірліктің символы – киіз үйдің ішінде сахналанады. Әртістер мен көрермендер арасындағы қашықтықтың жоқтығы, уақыт пен кеңістік көкжиегінің тоғысуы киіз үйдегі ерекше атмосфераны толықтай сезінуге мүмкіндік береді.

Музыкалық перформанста адам өмірінің тал бесіктен жер бесікке дейінгі сәттерін қазақтың салт-дәстүрлерімен байланыстырып көрсетіледі.

Қойылымда қазақ халқының мәңгілік құндылықтары тамаша көрініс табады. Олар – ұлттық музыкалық өнер, ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптар, уақыт сынынан өткен салт-дәстүрлер. Кейіпкерлердің ішкі сезімдері музыкалық ария, дуэт, трио, хор арқылы жеткізіледі. Сахналық қойылымның әр кезеңі халық әндерімен әрленіп, ұлттық музыкалық аспаптармен сүйемелденіп, заманауи хореографиямен көрсетіледі.

Режиссер – театрдың көркемдік жетекшісі, PhD докторы Есләм Нұртазин, композитор – Болатбек Нұрқасымов, драматург және либретто авторы – Әннас Багдат, режиссер-хореограф – Асель Абакаева.