Өтетін орыны: Өркен театры
Өтетін күнімен ақыты: 4-5 маусым, 17:00/20:00
Автор, продюсер: annas Bağdat
Композитор: Ербол Нариманұлы
Режиссер: Есләм Нұртазин
Актерлер: Ербол Нариманұлы, Жарқынай Ханайым, Жасұлан Көпберген Шадияр Ғалымжан, Таңшолпан Нұртілеуқызы, Темір-Сұлтан Мейірбек, Әшім Ахметов, Нұрбек Елемесов – Dudeontheguitar, Бексұлтан Бағытжан - Jeltoksan
Жанр: мюзикл
Ұзақтығы:
Жас санаты:
Бұл сенім туралы оқиға. Бәріне сене беру де, ешнәрсеге сенбей үнемі күмәндану да түрлі қиындықтарға әкеледі. Сенімнің үйлесімді өлшемі бар ма? Оны сізге SEN мюзиклі түсіндіре алады.
Мұның бәрі сізге таныс жағдайлар ма? Дәл осындай оқиға SEN мюзиклінде де кездеседі. Ал оның соңы немен аяқталғанын білгіңіз келсе премьераға келіңіз!
Интернет біздің күнделікті өмірімізге еніп кеткені сонша қағаз ақшаны қашан ұстағанымыз есімізде жоқ. Сауда-саттық, басқосу, танысу, ресми кездесу, лекциялар барлығы онлайнға өтті. Ал махаббат ше? Өмірлік серігіңізді инстаграм, тиндерден табу мүмкін бе? Біздің бас кейіпкерлер Айман мен Ғалымжан тиндерде танысқан еді. SEN мюзиклі happy end-пен аяқтала ма?