Біздің Балақайдың қиялының шегі жоқ. Көбісі солай ойлайды екен. Мәселен, Балақайдың айтуынша оған Карлсон есімді әлдебір ғажап адам келіп жүреді. Ол шатырдың астында тұрады, арқасында пропеллеры бар және де ашық тұрған терезелерге кіріп кетуді, биікте самғап ұшуды ұнатады екен. Сондай-ақ, Карлсон Балақай екеуі көптеген шытырман оқиғаларға тап бола береді екен! Ол қандай шытырмандар? Қойылымды көріп, мінддеті түрде білуіміз керек!