Пушкин поэзиясының музыкадағы дамуы романтикадан басталды. Композитор Михаил Иванович Глинка поэзиядағы Пушкин сияқты орыс классикалық музыкасының негізін салушы және романстарында өмірдің дәл осындай толықтығы мен үйлесімділігін жеткізді. Әйгілі ақынның өлеңдеріне жазылған музыкалық кештің бағдарламасында М.Глинканың «Я помню чудное мгновенье», «Я здесь, Инезилья», «В крови горит огонь желанья», «Мери», «Признание» шығармалары орындалады.
Белгілі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, ТМД елдерінің мемлекетаралық «Достастық жұлдызы» сыйлығының лауреаты Азамат Желтыркөзовтың интерпретациясында камералық вокал жанрының жауһарлары орындалады. 2023 жылдың сәуір айында классикалық өнері үшін халықаралық «BraVo» сыйлығымен марапатталды. Өнер майталманын өз елінде ғана емес, шет елдердерде де біледі және тыңдайды. Ресей, Беларусь, Қытай, Жапония, Польша, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Швейцария, Австрия, АҚШ, Моңғолия елдерінде гастрольдік сапарлары болды. Атақты баритонның репертуарында Онегин (П. Чайковскийдің «Евгений Онегин»), Роберто (П. Чайковскийдің «Иоланта»), Жермон (Дж. Вердидің «Травиата») сияқты опералық рөлдері бар.
Концертке филармонияның классикалық вокал бөлімінің солисі, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Шахризада Тыныштық (сопрано) да қатысады. Ол Н. Римского-Корсаковтың: «О чём в тиши ночей» (сл. А. Майков), «Не ветер, вея с высоты» (сл. А. Толстой), «Редеет облаков летучая гряда» (сл. А. Пушкин), сыған әні «Старый муж, грозный муж» А. Рубинштейн, Ғазиза Жұбанованың әніне жазылған «Письмо Татьяны».
Вокал өнерінің туындылары фортепианоның сүйемелдеуімен орындалады. Кештің концертмейстері – Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның классикалық вокал бөлімінің көркемдік жетекшісі Мәдениет саласының үздігі Роза Шотқалиева.