newWidget
Бразилия ырғағы (AstanaOpera) - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Бразилия ырғағы (AstanaOpera)

Концерт

«Бразилия ырғағы»

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Polina Hanym – Полина Тыринаның жаңа сахналық есімі. Музыка әлеміндегі жолын бард әндерінің үйірмесінен бастаған Полина музыкалық индустрия майталмандарының жүрегін жаулады – 2019 жылы ол «Голос» шоуында Константин Меладзе тобының құрамына енді, ал 2021 жылы БАӘ-дегі Sharjah Heritage халықаралық фестивалінде Қазақстан атынан өнер көрсетті.

2023 жылдың соңында оның Qazaq Bossa Nova синглы жарық көрді – қазақ тіліне аударылған 3 әлемге әйгілі босса нова стандарты. 2024 жылғы ақпанда Бразилия астанасында Qazaq Bossa Nova жобасының таныстырылым концерті өтті. Көптеген жылдар бойы Полина Бразилияның Қазақстандағы елшілігімен ынтымақтастықта жұмыс істейді, Бразилия тәуелсіздігінің 200 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысқан.

Концертке Полина Ханыммен бірге танымал музыканттар – халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Рузвельт атындағы университеттің джаз және заманауи музыка факультетінің «Джаз саксофоны» мамандығы бойынша түлегі (Чикаго, АҚШ), Матера қаласы Дуни атындағы консерваторияның түлегі (Италия, 2012-2013 жж.), Астана қаласы әкімдігі мемлекеттік филармониясының үрлемелі аспаптар оркестрі және джаз биг-бэндінің (саксофоншы-концертмейстер), ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық әскери оркестрінің жетекші солисі, «Астана Опера» театры симфониялық оркестрінің шақырылған солисі ретінде өнер көрсеткен саксофоншы Ақжол Исин және «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің әртісі Дмитрий Староверов (перкуссия) қатысады.

Кештің қысқаша сипаттамасы:

Босса нова – Бразилиядан шыққан музыкалық жанр, джаз бен самбаның қосындысы. Кеш бағдарламасында босса нова мен самбаның әлемге танымал стандарттары португал және қазақ тілдерінде орындалады.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Полина ХАНЫМ (дауыс және гитара)

Ақжол ИСИН (саксофон)

Дмитрий СТАРОВЕРОВ (перкуссия)

Артур ПОВАЛЯШКО (бас-гитара)

БАҒДАРЛАМА:

1. Insensatez

2. Fotografia

3. Corcovado

4. Garota de Ipanema

5. Aguas de Marco

6. Manha de carnival

7. Samba de verao

8. Samba do aviao

9. Samba Em preludio

10. Valsa de uma cidade

11. Cidade Maravilhosa

12. Aquarela do Brazil

13. Meu coração vagabundo

14. Samba E Amor

15. O que sera

16. Desafinado

17. O barquinho

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.