newWidget
Рахманинов-Трибьют - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Рахманинов-Трибьют

2022 / 2023           Үлкен зал            X маусым

5 сәуір * сәрсенбі * 19.00

 

«РАХМАНИНОВ-ТРИБЬЮТ»

фестивалі аясында симфониялық музыка кеші

(композитордың 150 жылдығына орай)

 

Екінші концерт

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

Биыл әлемдік музыка қауымдастығы кемеңгер пианист әрі композитор Сергей Рахманиновтың 150 жылдық мерейтойын кеңінен атап өтуде.

Ұлы орыс композиторы, пианист әрі дирижер Сергей Рахманиновтың мерейтойына арналған «Рахманинов-трибьют» фестивалінің концерттер сериясын «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен шақырылған солистер – Денис КРАСНОКУТСКИЙ (альт, АҚШ) және Майя РАЙКОВИЧ (фортепиано, Сербия) қатысуымен симфониялық музыка кеші жалғайды.

Жоба авторы, дирижер әрі фестивальдің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал МҰХИТДИН.

 

Денис КРАСНОКУТСКИЙ – әлемге әйгілі солист және камералық музыкант. Мариинский және Эль Сиркуло сияқты танымал театрлар мен Кравис-центр, Коларац залы, Avery Fischer Hall және басқа да сахналарда өнер көрсеткен.

Гаррисберг симфониялық оркестрімен, Майами оркестрімен, Рено және Нью-Джерси филармониясымен, Батон-Руж симфониялық оркестрімен, Бэй-Атлантик филармониясы мен симфониялық оркестрімен қызметтестік еткен.  Хилари Хан, Белла Христова, Сара Чанг, Джонатан Бисс, Фрэнк Синатра-кіші, Бернадетт Питерс сынды өзге де танымал көптеген әртістермен өнер көрсеткен. 

Сэмюэл Барбердің ішекті аспапты квартетінің негізін қалаушылардың бірі болып табылады, «Rowan» ішекті аспапты квартетінің қатысушысы ретінде гастрольдерге шыққан. 2006 жылдан бастап Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Еуропаны гастролімен сапарлаған «Виртуозы Филадельфии» камералық оркестрінің бірінші альты болып табылады. Оның қатысуымен жобалардың жазбалары Naxos, Connoisseur Society, Arabesque, New World Records және New Ariel сияқты дыбыс жазу студияларында өтті.

Денис Краснокутский – Ратгерс университетінің музыкалық өнер докторы, ол Майкл Три (Гуарнери ішекті аспаптар квартеті) мен Пол Нойбауэрдің (Нью-Йорк филармониясының бірінші альты) шәкірті болған. Серхио Перессон жасаған альт аспабында ойнайды.

 

Майя РАЙКОВИЧ – сербиялық пианист. Нови-Сад қаласындағы Көркемөнер академиясын (К.Богино сыныбы) және Белград Музыка академиясының магистратурасын (Д.Трбоевич сыныбы) тамамдаған. Портогруарода (Италия) Scuola di Alto Perfezionamento Musicale мектебінде біліктілігін арттыру курсынан өткен. Профессор, PhD докторы (2014). Белградтағы Jeunesses Musicales президенті (1998), Жерорта теңізі жаңа музыканттар шығармашылық одағының вице-президенті (2001).

Алғаш рет 14 жасында жеке концертпен өнер көрсеткен. Ұлттық байқаулардың, сондай-ақ Carlo Soliva халықаралық байқауының (Италия, 1984), Рахманинов атындағы халықаралық байқаудың (1993) лауреаты. Көрермендер көзайымы жүлдесінің және Jeunesses Musicales ХХIV халықаралық байқауының III сыйлық иегері (1994). 2013 жылы концерт сахнасындағы ерекше жетістіктері үшін Белград өнер университетінің күміс медалін және Musica classica басылымының «Жыл орындаушысы» жүлдесін алған.

Белград филармониясы, Радио және Телевидение оркестрі, «Әулие Георгий ішекті аспаптары», «Белград ішекті аспаптары», Camerata Serbica сияқты симфониялық оркестрлермен және ансамбльдермен жазба жасап, өнер көрсеткен. Херцег-Новидегі «Музыка күндері», BEMUS Белград музыкалық фестивалі, Сплит және Подгорица жазғы фестивальдері, «Фортепиано күші», «EPTA», Эмиль Гаек атындағы фестиваль, Internazionale di Musica da Camera (Портогруаро, Италия) және тағы басқа фестивальдердің қатысушысы. Белсенді концерт беруші музыкант, камералық музыка орындаушысы.

 

 

БАҒДАРЛАМА:

С. Рахманинов. №2 симфония, ми минор, op.27

С.Рахманинов. Оркестр мен фортепианоға арналған №3 концерт, ре минор, ор.30

С. Рахманинов. Оркестр мен альтқа пен арналған вокализ