newWidget
RAGE Алматы қаласында - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

RAGE Алматы қаласында

Назар аударыңыздар! Билет 2 күнге жарамды!

Братство мото-қоғамдастығы жыл сайын сан алуан мотобелсенділіктерді ұйымдастырып келеді. Оның ішінде Қазақстандағы ең үлкен мотофестиваль Wroom wroom Fest те бар. Бұл атау бекер берілген жоқ. Тіпті сәбилер де іске қосылған мотоцикл моторының дауысын келтіре алады емес пе? Осымен 4 жыл бойы фестиваль Алматы қаласының төңірегінде өткізіліп келеді. Қонақтардың ыңғайы алға тартылып, іс-шаралардың өткізілу орындары әрдайым аса байыппен таңдалады. Қолжетімді баспана, хауыз, спорттық белсенділіктер және де рок концерт!

Бас сахна Алматы мен Қазақстанның танымал рок ұжымдары өнер көрсетпек. Сондай-ақ, Қырғызстан, Ресей және Германия секілді таяу және алыс шаһарлардан келген қонақтарымыз да сахна төрін бір дүрлітпек. 

Бұл жылы фестиваль хэдлайнері ретінде өзінің 40-жылдық мерейтойлық турының аясында Rage тобы (Германия) өнер көрсетеді. Фестиваль екі күн қатарынан өтетін болады. Өткізу күндері - 16-17 тамыз аралығында. Байқауларға, мотокөрмелерге, қолдан жасалған бұйымдар жәрмеңкелеріне бай толыққанды екікүндік фестиваль болмақ. 

Фестиваль ерекшеліктерінің бірі оның әр жыл сайын өзгеріп тұратын тақырыбы болып табылады. Мэд Макс, пионерия, ежелгі олимпиада ойындары. Бұл жылы фестиваль тақырыбы - құла батыс. Фестивальдің дайындығын арттыра түсіп, врумврумдықтар белсенді түрде өздерінің костюмдерін әзірлер, қарқынды дайындықтар жүргізуде. Костюмдеріңіз жоқ болса, еш қорықпаңыздар, фестивальдің арнайы бұйымдары мен мерчі біздің шағын дүкендерімізде әрдайым қолжетімді болып тұрады. Ең үздік костюмдер фестивальдің демеушілері мен ұйымдастырушыларының бағалы сыйлықтарымен марапатталады. 

Біздің қонақтар өздерін врумврумдықтар деп атайды, бұл әлдеқашан бөлек бір дәстүрге айналды, себебі біздің фестиваль мотомәдениетті елімізге таныстырып қана қоймай, осы қызықтардың бәріне қайта қанығу үшін бір жыл бойы күтуге тұрарлық жағымды әсерлер сыйлайды.