newWidget
«Qyz Quu» - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«Qyz Quu»

Бүгіндікте алып қашу ұғымы әлі де дәстүрдің бір бөлігі ме, әлде құмарлық ойын ба? 
«Ұят», «ұят» деп зарлаған ұранмен ұштастырып, әйел беделін, құқықтарын, бақыты мен болашағын тартып алу ата-бабаларымыз мұра еткен киелі дәстүрлердің бір түрі бола ала ма? 
«Qyz Quu» пластикалық қойылымы жүрегі таңдамаған ер азаматқа күйеуге берілгелі жатқан жас қыздың ащы тағдырын баяндайды. 
Қойылымның оқиға желісі өмірі ойыншық етілген қыздарымыздың жіберген хаттарынан жинақталып құрылған.
«Әуеліде енем, одан кейін күйекім о дүниелік болған сәтте бір-ақ өзімді шынайы бақытты сезіндім». 
Дамыған XXI ғасырда қыз баласын күштеп тұрмысқа беру мұқтаждылығы ақылға қонымсыз дүниемен теңеседі...

Өмірден алынған оқиғаларға негізделген туынды. 
Қойылым барысында BugaraBu соқпалы аспаптар қазақстандық тобының әуендері қолданылады. 

Актерлер:

Қалыңдық (денесі) - Ильясова Евгения
Қалыңдық (әруағы) - Мылтықбаева Ботагөз
Күйек жігіт - Садыков Бауыржан
Қалыңдықтың құрбысы - Алимбетова Ада
Енесі - Мамешова Талшын
Қонақтар - Мубараков Назарбек, Колесов Антон, Плотникова София, Исаева Мадина, Романова Алина