Көрнекті драматург А.М.Володиннің терең психологизмге құрылған классикалық туындысы ерлі-зайыптылардың өмірін және олардың күрделі қарым-қатынасын баяндайды. Әлеуметтік мәртебесі, өмірге көзқарасы әртүрлі ажырасуға бел буған сегіз отбасы сотқа жүгінеді.
Ерлі-зайыптыларды тыңдаған судья олардың некесін бұзуға жол бермеу үшін барын салады. Себебі, бірін-бірі кінәлауға, айыптауға, қаралауға дағдыланған ерлі-зайыптылардың өзімшілдігі, менмендігі, тәкаппарлығы – бірін-бірі тануға, тыңдауға, түсінуге кедергі. Пьесадағы характерлер қақтығысы, бітпейтін конфликтілер әр түрлі мінез-құлық ерекшеліктерін көрсетеді. Әрбір кейіпкер жеке танымын, өз ұстанымын алға тартады. Әр адам – жеке әлем десек те, Отбасы деген ұлы құндылықты құрайтын жеке адамдардың ынтымағы мен ыстық сезімі, шексіз махаббатты екенін түсінесіз.
Шығармашылық ұжымның жас буыны сахналаған спектакль қарапайымдылық - күрделі мәселелердің кілті деген философиялық ойға жетелейді.
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Митя
Катя
Ирина
Валера
Бейтаныс әйел
Козлов
Козлова
Козловтардың қызы
Давид Керилашвили
Лариса Керилашвили
Ларисаның анасы
Никулин
Никулина
Биляев
Биляева
Шумилов
Шумилова
Миронов
Миронова
Судьялар
Көпшілік сахнада: театр артистері