newWidget
«Қазағым-ай» концерті - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«Қазағым-ай» концерті

qazgaym-ay-kontsertiӨтетін орыны: «Казақстан» ОКЗ

Өтетін күні: 15 ақпан

Басталуы: 19:00

Тұрақ: бар

Жас санаты: 7+

Қосымша: 

 

 

 

 

 

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Қазақконцерттің дәстүрлі әншілері «Қазағым-ай» концертіне шақырады.

«Бозарып атқан ақ таңда, бозарып тұрып ақпанда, есіңе мені алғайсың...» деп жырлаған Мұқағали ақынның шығармашылығына арналған концертте  елордалық көрерменге ән мен күйден тарту ұсынылмақ.

«Қазағым-ай» концертінде дәстүрлі ән мен күй шеберлері өнер көрсетпек. Көрермен қауым Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Жанғали Жүзбай, Клара Төленбаева, Құмарбек Қалқатай, Ардақ Балажанованың өнерін тамашалай алады. Сондай-ақ бұл кеште  Ерболат Шалдыбеков, Дінисламбек Жайлаубай, Ақерке Тәжібаева, Асқар Мұқият, Аяулым Қамажан, Күнсұлу Түркпен, Нұрлытаң Ермек сынды талантты артистер өнер көрсетеді.

Кеш қонақтары – Айтбек Нығызбаев, Телман Құжиманов, Толғанбай Сембаев, Перизат Тұрарова, Назира Бейсенова, Кентау Назарбек, Нұрқанат Тапиев, Рүстем Нүркенов.

Концертте Мұқағали Мақатаевтың жүрек тебірентер өлеңдеріне негізделген музыкалық шығармалар орындалады.