newWidget
QAZAQSTAN BARYSY Астана қаласында - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

QAZAQSTAN BARYSY Астана қаласында

Өтетін орны: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 57, «Барыс Арена».

Күні: 26 қазан 2024 ж

Басталуы: 13:00

Ұзақтығы: 6 сағат

Қосымша: Оқиғаға кіру тегін. Билет сатып алудың қажеті жоқ

 
 
 

Бұл турнирде облыстық жарыстардың қорытындысы бойынша іріктелген еліміздің ең мықты балуандары бақ сынайды.Олар еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының спортшылары.

Сондай-ақ турнирге өткен жылғы «Қазақстан Барысы» жеңімпазы мен «Әскер Барысы» екі балуаны қатысады. Турнирдің нәтижесі бойынша ең мықты балуан анықталып, ол 15 миллион теңге көліміндегі бас жүлдені алады.

25 қазанда сағат 14:00-де балуандар Астана қаласындағы «Mega Silkway» кинотеатрында отандық режиссер Қанағат Мұстафиннің «Қажымұқан» фильмін тамашалайды. Бұл фильмнің түсірілімі 1,5 жылға созылып, дайындық жұмыстары 10 жылға жуық уақыт алған.

Ал сағат 16:00-де «Барыс Арена» аумағында балуандардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді. БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.