newWidget
Актерлік шеберлік бойынша жасөспірімдерге арналған байқау сабақтары - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Актерлік шеберлік бойынша жасөспірімдерге арналған байқау сабақтары

Өтетін орны: Алматы қ., Досмұхамедов к-сі, 78А, Қабанбай батыр көшесінен кіреберіс, BUNKER ART-панасы

Күні: 30-31 наурыз 2024

Уақыты: 12:00

Жанр: курстар

Ұзақтығы: 120 минут 

Жас шектеуі: 12-16 жас

 

 

 

 

Курс балаларды өз-өзіне және қоршаған ортаға деген сенімділікке дағдыландырып, епті болып, бірегей жолдарды таба білуге, кез келген жағдайдың ерекше шешімін табуға тартып, өз болмысына мүлде ұқсамайтын бейнелерге енуге үйретеді. 

Сабақтар туралы алдын ала нені білу қажет?

- бірде-бір зеріктіргіш дәрістер болмайды, жазба жасаудың қажеті жоқ.
- сабақтың бірінші сәтінен бірден сахна төріне шығып, жаңа білімдерді іс жүзінде алатын боласыздар.

Сондай-ақ, оқыту барысында білім алу мақсатымен BUNKER театрының барлық қойылымдары мен жобаларын тегін түрде тамашалай аласыздар. 

Сіздер келесідей дисциплиналарды және дағдыларды зерттейтін боласыздар: физикалық әрекеттің есі, импровизация, партнермен жұмыс, актердің физикалық дайындығы, координация, көпәрекеттік, сахналық шайқас, сахналық қимыл, сахналық сөз, режиссермен жқмыс, физикалыө қысылудан арылу. Біз сіздерге арнайы үздік педагогтерді шақырып қана қоймай (оқыту барысында шақырылған педагогтер саны жетіден төмен болмайды), Алматы қаласы театрының тәуелсіз әлемімен терең таныстырамыз (Өнер саласының барлық белгілі площадкалары, ұжымдары мен еңбек сіңірген қайраткерлері туралы толығырақ білетін боласыздар).

Курстың соңында сіздерді ең таңғалдырарлық іс-шара күтеді - екікүндік емтихан. Бірінші күні - жабық: дисциплиналарды қазылар алқасына (өздерінің асыл кеңестерін беретін немесе тіпті қызықты жобаларға тартанын театр және кино қайраткерлеріне) тапсыру. Екінші күн - бітіруші перформанс: бұл сіздердің көрермендермен кездесулеріңіз. 

Курстың нәтижесінде сіздерге дисциплиналар бойынша қойылған бағалар мен қазылар алқасының пікірлері жазылған тізімдеме, сондай-ақ курстың сәтті өтілуі туралы (кастингтерде, ЖОО түсу кезінде, іргелес мамандық бойынша жұмысқа тұру кезінде жақсы көмек болатын) сертификат беріледі.