newWidget
One, two, three аю - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

One, two, three аю

Сэр Пэтрон - Ұлыбританиядан арнайы шақыру бойынша келген аңшы. Оның алдына қойылған талап: зообаққа қажетті үш аюды ұстап әкелу. Аңшы аю апанына баса көктеп кіріп, қонжықтың ата-анасын ұстап алады, ал қонжықтың өзі қашып құтылып үлгереді екен. Орманда ол Машаны кездестіріп, оған өзінің қиындығы туралы айтып береді.

Маша көп ойланбай көмектесуге бірден келіседі! Олар зұлым Пэтронды алдап, аюларды құтқара ала ма? Ертегі басқаға ор қазба - оған өзің түсесің деп, бүлдіршіндерді адамгершілікке баулиды. Қойылым өте жарқын, ән шашқан, күлкілі және ең бастысы интерактивті болып келеді. Жас көрермендер сюжетті дамытуға белсене қатысып, кейіпкерлерге қиындықтан шығуға көмектеседі.

Актерлер:

Пэтон мырза - Данияр Кенжебеков
Михайло Потапыч (аю ата) - Адилет Кулмурзаев
Настасья Петровна (аю апа) - Ольга Избасарова
Мишутка (қонжық) - Самат Махамбетов
Гусева Маша - Анель Радионова
Ешкі - Тимур Романюк
Студенттер - Санжар Ботбайбек, Аяжан Несипбаева