Өтетін орны: Жастар Сарайы, Қостанай қаласы
Күні: 28 желтоқсаннан 30 желтоқсанға дейін
Басталуы: 10:00, 13:00, 16:00
Тұрақ: бар
Жас шектеуі: 3+
Қосымша: 4 жасқа дейінгі балаларға, соның ішінде ересектермен бір билет бойынша кіру тегін
Қайтару ережелері: билеттер қайтарылмайды және айырбасталмайды.
«Бәйтерек» театры сіздерді 28 желтоқсан мен 30 желтоқсан аралығында өтетін «Қыс Патшалығының хикаясы» жаңажылдық қойылымдарына шақырады. Қойылымдардың басталу уақыттары: в 10:00, 13:00, 16:00.
Бұл ертегі әлеміндегі жер асты және орман патшалығының тұрғындарының, әрине, Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен заманауи театрландырылған қойылым.
Жаңа жыл қарсаңында үш мыстан кемпір Аяз Атаның сиқырлы таяғын ұрлап кетіпті. Аяз Атаны сиқырлап, оны Зұлым Атаға айналдырып, мыстандар Жаңажылдық мерекені бұза жаздады. Ақшақар өзінің құрбысы Мұз Бикешпен бірге Аяз Атаны іздеуге аттанып, Қасқыр-борандармен шайқасқа түсіп, сиқырлы таяқты тауып алады да, Аяз Атаны бұрынғы кейпіне қайтарады. Аяз Атаның махаббат күші туралы «Ең басты және мықты сиқырлы күш махаббат сезімінде жатыр, махаббат нағыз сиқыр жасайды!» деген сөздері ертегінің басты идеясы болып табылады. Славян ертегілерінің негізінен алынған сиқырға және жақсылыққа толы адалдық туралы ертегі көрермендердің көңілдерінен міндетті түрде шықпақ.
«Бәйтерек» театры көрермендерді ерекше оқиға желісімен, әсем костюмдермен, түрлі-түсті декорациялармен тамсандырады. Қойылым аяқталғаннан кейін балалар фойеге шығып, Аяз Атаның жаңажылдық карнавалына қатысатын болады. Бүлдіршіндерді көптеген ойындар, билер, шыршаны айнала әндету және де Аяз Ата, Ақшақар, басқа да ертегі кейіпкерлерімен кездесу күтуде.
Жаңажылдық шырша мерекесі мен қойылымның толық уақыт ұзақтығы: 1 сағат 40 минут.
4 жасқа дейінгі балаларға, соның ішінде ересектермен бір билет бойынша кіру тегін. Билеттерді балаларға да, ересектерге де сатып алу керек.
Жаңа жыл қарсаңында «Бәйтерек» театрының қойылымы мен Аяз Ата, Ақшақармен кездесуге келіп, балаларыңызға таңғажайып мереке сыйлаңыз! Қапы қалмаңыздар!!!