newWidget
Нурикамал - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Нурикамал

Барша қазаққа танымал «Нурикамал» әнінің шығу тарихын баяндайтын бұл спектакль өмірде болған оқиға желісінде жазылған. Достардың  таудағы бас қосуының тарихқа айналатынын кім білген?..

Сезімтал, жүрегі кең ақын Ханбибі махаббат құдіретіне бас иіп, қызғаныш сезімін қамай салып, сол мезетте сүйгенінің бақытты болғанын қалады.

Пәк сезіммен жазылған әннің астарында махаббат, қызғаныш, әзіл-күлкі секілді түрлі эмоциялар жатқанын Сіз де сезініп көріңіз.

Кейіпкерлер:

Нурикамал – Анель Оспанжан

Тұрдықылыш – Нұржан Әбіласан

Ханбибі – Мөлдір Зікірбай

Қуат – Диас Мырзахмет

Мейіржан – Бекзат Жунисов

Сайлаугүл – Дариға Зарқын