newWidget
Jana jyldyk shytyrman Астана қаласында - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Jana jyldyk shytyrman Астана қаласында

Jana jyldyk shytyrmanӨтетін орны: филармония.Е. Рахмадиева, Кенесары 32

Өтетін күні мен уақыты: 26-27-28-29 желтоқсан
10:00-қазақ тіліндегі спектакль
13:00-орыс тіліндегі қойылым
16:00-қазақ тіліндегі спектакль

Бағдарлама: жаңа жылдық қойылым және дискотека шоуы

Ұзақтығы: 2 сағат

Жас шектеуі: жоқ

Қосымша:

 

 

Оқиға біздің заманымызда Астана қаласында бастау алады. Бұл қазіргі заманның көзқарасымен қойылған жаңа «Қар ханшайымы».

Африкаға жол тартып, досын іздеуге шыққан Barbie -дің  саяхаты. Жарық декорациялар мен реквизиттер, 40 биші-әртістердің қатысуымен болатын қайталанбас шытырман оқиғалар көрінісі барша көрерменнің тамсанысы мен қызығушылығын тудырары сөзсіз!

Теңіз тылсым құпияға толы. Barbie-дің саяхаты осы жерде жалғасын табады. Теңіз тұңғиығында ол мейірімді су асты тұрғындарымен қатар, қауіпті әрі алып Сегізаяққа кез болады - кәсіби декораторлар мен реквизиторлардың шеберлігі көрермендерді сахнада болып жатқан көріністің шынайылығына еріксіз сендіреді!

Қар Ханшайымының сарайы - оқиғаның шешуші көріністері орын алатын жер: Аяз Ата залдағы көрермендердің көмегі арқылы мұздан жасалған адамдар Қар ханшайымына қарсы шығып, баланы Ken-ді  босатуға көндіреді. 

Бірақ бұл оқиғаның соңы емес! Жеңімпаздарды «жарық-шоу» элементтерімен көңілді дискотека күтеді!

«ММ өнер-білім орталығы» Сіздерге естен кетпес мерекелік кеш сыйлауға дайын! Жаңа Жылды бізбен бірге қарсы алыңыздар!