newWidget
New Format Gala «Opera Lunch» Алматы қаласында - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

New Format Gala «Opera Lunch» Алматы қаласында

Құрметті өнер сүйер қауым!

«Opera lunch» жобасы өз есігін қайта ашады. Әдеттегідей, біз балет өнерін бағалаушылар мен пікірлестердің шағын тобымен кездесіп, бірегей ақпаратқа қол жеткіземіз, шақырылған сарапшымен әңгімелесеміз, алдағы бағдарламаның ерекшеліктерін тереңдей түсінеміз және жеңіл әрі жайлы атмосферада жағымды қарым-қатынасқа ие боламыз. Кеште авторлық асхана мен керемет сусындар ұсынылады.

Дәріс соңында VIP тасымалдау бізді New Format Gala шоуы өткізілетін Almaty Theatre-ге жеткізеді.

New Format Gala - балет әлеміндегі теңдессіз жаңа формат. Қазақстанда пайда болған бірегей жоба.

Бұл шара әрбір көрерменге әртістермен байланысқа түсуге, олардың шығармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Мұндай байланыс сізді өнер әлеміне баурай отырып, орындаушылар мен аудитория арасында терең эмоционалдық байланыс жасайды.

Сахна төрінде шабыты мен дарыны тәмсандыратын балет шеберлерін тамашалайтын боласыздар. Бағдарлама классикалық және заманауи қойылымдардан үзінділерді қамтиды.

• Mayara Magri - Royal Opera House прима-балеринасы 

• Matthew Ball - Royal Opera House премьері

• Татьяна Мельник - Hungarian National Ballet этуалы

• Motomi Kiyota Grand Sujet Hungarian National Ballet

• Бахтияр Адамжан - Астана Операның жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

• Emma Riis-Kofoed - Royal Danish Theater прима-балеринасы

• Мейрамбек Назарғожаев - Royal Danish Theater әртісі

• Богдан Вербовой - Абай атындағы ҚазҰТОБ солисті 

• Ақбота Бекболатова - Абай атындағы ҚазҰТОБ солисі

• Casia Vengoechea - әртіс-фрилансер, ex-Royal Swedish Ballet

• Toon Lobach - артист-фрилансер, ex-Nederlands Dans Theater

Кештің жүргізушілері - Кирилл Мейстер, Әйгерім Өзембаева және Ілияс Ыбырайымов.

Жобаның режиссері - Нұрлан Қонақбаев, Абай атындағы ҚазҰТБ солисі, «Қазақстан хореографтар одағы» төрағасының орынбасары.

Компания форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда әртістердің құрамын өзгертуге құқылы.