newWidget
MUSICA VITA MIA - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

MUSICA VITA MIA

2024 жылғы 11 сәуірде сағат 19.00-де Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының концерт залында филармония шығармашылық ұжымдарының көптеген өтініштері бойынша айтулы итальяндық әндер орындалмақ.

Көптеген жылдар бойы Челентано, Тото Кутуньо, Аль Бано және Ромина Пауэр, Газебо, Рикки және Повери, Рикардо Фольи сияқты танымал итальяндық өнерпаздардың әндері радио және телеэфирлердің музыкалық чартында көш бастап келеді. Концерт көрермендерге қуаныш, бақыт, шексіз мереке атмосферасын сезінуге бірегей мүмкіндігін береді.

«MUSICA VITA MIA» концерті - солистер, вокалдық топтар, хореографиялық ансамбльдер, камералық хор мен джаз оркестрі ұсынатын ерекше бой түршіктірерлік шоу. Концерт бағдарламасында әлемге әйгілі болған және 80-ші жылдары Сан-Ремо фестивалінде алғаш рет эстрадалық музыка тарихына енген итальяндық орындаушылардың атақты хиттері, сондай-ақ итальяндық музыканың классикасына айналған «Dicitencello vuje» (Айтыңызшы, қыздар, достарыңызға), «Selene», «Volare», «Mambo Italiano» шырқалатын болады.

Павлодарлықтар мен қала қонақтары филармонияның концерт залында танымал хиттерден ләззат алуға тамаша мүмкіндік алады. Көрермендерді ЖАНДЫ ДЫБЫС, жарқын визуалды және жарық рәсімдеуі тәнті етпек.