Бір күні бағдаршамның үс түсі сөзге келіп қалыпты. Олардың қайсысының адамдар үшін маңызы және пайдасы зор? Қызыл ма, әлде сары ма немесе жасыл ма? Біраз дауласып, олардың берік достығы мен татулығысыз қала жолдарында тыныштық пен қауіпсіздік орнамайтынын аңғарады. Осылайша үш дос басқа балаларға жол ережелерінің маңыздылығын дәріптеп, жолдағы дұрыс жүрісті әліпбидей үйрететін жол белгілерін оқып, білуді алға тартады.
Балалар, сендер жол ережелерін үйрену қызықсыз әрі зеріктіргіш іс деп санайсыңдар ма? Жолдағы ережелерді сақтау оншалықты маңызды емес екенімен келісесіңдер ме?! «Менің досым - бағдаршам» қойылымындағы тентек қояндар да дәл солай ойлаған, алайда кейін соның әсерінен келеңсіз жайдайға ұрынып қалған екен. Ал егер Степа ағаның тілін алып, көлік жолында доп ойнамағанда мұның алдын алуға болар еді.
Қызықты әрі түрлі-түсті қойылымды тамашалап, сіздер өз зияткерлігіңізді дамытып, жол ережелерін жақсырақ білетін боласыздар!