Балаларға арналған бұл мейірімді ертегіде Аю өзінің сараңдығының кесірінен барлық достарынан айырылыпты. Күлкілі Кірпі, сүйкімді Тиін, көңілді Қояндар - барлық достарын Аю қатты ренжітіпті.
Алайда бұл іске Аюдың әкесі араласып, кішкентай көрермендермен бірге өзінің ебедейсіз қонжығын нағыз адал достыққа және өзгелерді құрметтеуге, ренжітпеуге үйреткен екен.
Қарапайым әрі өнегелі хикая балаларды да, ересектерді де бей-жай қалдырмайтыны анық. Бәлкім, кей көрермендер бұл қойылым сахнасында өзін көргендей де болар.