newWidget
«ҮЛКЕН ҚАЛАДАҒЫ АРМАНДАР» - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«ҮЛКЕН ҚАЛАДАҒЫ АРМАНДАР»

Өтетін орны: Астана қ., Басталатын мекенжай: Мәмбетов к-сі, 5-үй. Аяқталатын мекенжай: Орталық саябақ орналасқан аудан.

Продюсер-кеңесшілер: Анна Шелепова, Маргарита Боярова

Сценарий: Дарья Прыгунова, Анна Шелепова

Актерлер: Айсұлу Ахимова, Динара Урбисинова, Роман Жуков.

Жанр: иммерсивті аудио пьеса-серуендеу

Ұзақтығы: 90 минут

Жас шектеуі: 12+

Қосымша: құлаққаппен серуендеу. Бағаға мыналар кіреді: қойылым кезінде құлаққаптар мен қабылдағыштарды жалға алу, ұйымдастырушыларға беріледі

 

Күні мен уақыты: 

  • 6 тамыз сағат 11:00-де
  • 13 тамыз сағат 11:00-де
  • 20 тамыз сағат 11:00-де
  • 27 тамыз сағат 11:00-де
  • 3 қыркүйек сағат 11:00-де

Астана дауысы көрермендерді қарсы алады. Ол қатысушыларды қаланың кең даңғылдарын, жаяу жүргіншілерге арналған көшелерін, қала тұрғындарының сүйікті Есіл өзенінің жағалауын бойлай өзінің және оның тұрғындарының тарихын баяндайды. 

Астана бәрін - әрбір тұрғынның әдеттерін, сүйікті жерлерін, қуанышты сәттері мен қайғы-мұңын біледі.

Аңсаған армандарын орындауға көмектеседі.  

Қала қонақтарды таңғажайып романтикалық тарихымен таныстырады. Оның кейіпкерлеріне сенетін болсақ - бәрі де мүмкін екендігіне де сенуіміз керек!  Сол бір сәтті жіберіп алмай арманыңызға құлақ салсаңыз, қала сізге арманыңызға апаратын жолды өзі-ақ көрсетеді.

 «Үлкен қаладағы армандар» - қонақтарды қаланың және оның тұрғындарының тарихына, қуаныш сыйлайтын, қуаттандыратын ойларына жол ашатын ынталандыратын аудио қойылым.

Аудиоспектакль кездейсоқ жүргіншілер актерлерге, мегаполис сахнаға айналып, оқиға тыңдаушының санасында өріс алып, елорда атмосферасын сезінуге көмектеседі.

Сізге бар болғаны құлаққап қажет, оны ұйымдастырушылар аудиоспектакль кезінде өздері береді. 

Аудио қойылымда қазақ ақындарының әдеби шығармаларынан үзінділер қолданылды: Әлия Демейсенова, Данияр Аманов, Дина Ораз.