newWidget
Махмұд Қашқари - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Махмұд Қашқари

Драматург А.Ахметовтың «Махмұт Қашқари» пьесасы б.з. XI ғасырында өмір сүріп, еңбектерін жазған ұлы ғалым, түркітанушы Махмұт Қашқариге арналған.

Қойылымдағы оқиға Қашқар қаласында (Суар) басталып, түркі халықтарының тұратын аймақтарында, сондай-ақ Бағдадта (Ирак) жалғасын тауып, Қашқарда аяқталады. Қашқар 1056-1058 жылдары Махмұт хакан Мұхаммедтің атасы басқарған Қарахан мемлекетінің астанасы болған еді.

Пьесаның негізгі оқиғасы - сарай ішіндегі шиеленістер, туыстар арасындағы тақ үшін күрес. Бұл күрестің нәтижесінде Махмұд Қашқаридің әкесі мен атасы және сарай ақсүйектерінің басқа да өкілдері қайтыс болады. Тақтың жалғыз мұрагері Махмұд Қашқаридің өміріне қауіп төніп, ол сарайдан кетуге мәжбүр болады.