newWidget
Махаббат аралы - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Махаббат аралы

Қойылым  орманшының  бейіт  басында құран  бағыштап болып,   демалысқа  келген  атақты хирург Марат пен жары   Айнаны  ну  орманда  қарсы  алуымен  бастау  алады. Бір кездері  жан  жары  ауруына   шипа іздеп  барғанда  әр  қызметін   ақшамен  есептеген Марат сол  орманшының  алдына   кез  болғанын  өзі де  сезбей  қалады. Ақша, атақ,  абыройына сеніп,  әйелінің  ажалына  себепші  болған  жанды көрген  орманшы  дүние  кезек  екенін   сезіндіріп, хирургтің істегенін   алдына  келтіреді. Әуелі  көлігінен, сосын ас-ауқатынан, қалта  толы  қаржысынан, соңында  жанындағы   сүйген  жарынан  айырып  жапан  далада  жалғыз  қалдырады.