newWidget
Magic of strings - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Magic of strings

Құрметті классикалық музыка әуесқойлары, 15 маусым күні сағат 18:30 сіздерді «Magic of strings» камералық музыка концертіне шақырамыз.
Сіздердің назарларыңызға альт пен фортепианоға арналған камералық музыканың және ішекті квартеттің үздік үлгілері ұсынылады. Сіз үшін алғаш рет бірігіп, әлемнің үздік музыка мектептерінің түлектері өнер көрсетеді.

Орындаушылар:
Дария Барлыбаева, альт. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының, Джульярд мектебінің түлегі, Ю.Башметтің «Viola Masters» халықаралық альтистер байқауының лауреаты (2023), «Шабыт» халықаралық байқауының 1-ші сыйлығы (2022).
Құрманғазы атындағы консерваторияда ансамбль өнері кафедрасында сабақ береді, AlJazz Symphony, Almaty оркестрінің әртісі.

Сабина Атагелдиева, дарынды пианист, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, Royal Northern College of Music, Manchester.
Халықаралық байқаулардың лауреаты. «Игеру» алғашқы қазіргі заманғы музыка ансамблінің солисті, Құрманғазы атындағы ҚК ансамбль өнері кафедрасының аға оқытушысы.

Алуа Маканова, скрипкашы.
Қазақстанның скрипка өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі. SMU Meadows schools of the Arts, Даллас, АҚШ түлегі.
Бір кездері «Ulytau» тобының Соло Этно-рок скрипкасы ретінде өнер көрсеткен.
Халықаралық байқаулардың лауреаты.
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі камералық және үлкен оркестрлердің солисті, концертмейстері ретінде концерттік және орындаушылық қызметті белсенді жүргізеді.

Мейіржан Кеңесбаев,
Жас скрипкашы, 27 жасында Абай атындағы ГАТОБ концертмейстері.
Астана қаласы Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі.
«Шабыт» халықаралық байқауындағы Гран-при ішекті квартет номинациясында.
Р.Барша атындағы халықаралық байқаудың бірінші сыйлығы (2021, Санкт-Петербург). Классикалық музыкадан қазіргі заманғы музыкаға дейінгі түрлі жобаларда шақырылған солист ретінде өнер көрсетеді.

Салауат Кәрібаев (виолончель)
Швейцарияның Женева жоғары музыка мектебінде оқыды.
Халықаралық байқаулардың лауреаты.
Ол Швейцария, Қытай, Латвия және басқа елдерде концерттермен солист ретінде өнер көрсетті.
Ол Мумбайдағы Үндістан симфониялық оркестрінің виолончельдер тобының концертмейстері болып жұмыс істеді.