newWidget
Лекция – концерт ансамбля «TURAN» - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Лекция – концерт ансамбля «TURAN»

Өтетін орны: «QAZAQSTAN» ОКЗ Камералық залы (Мәңгілік ел, 10/1)

Күні: 26 сәуір, 2023 жыл

Басталуы: 19:00

Тұрақ: бар

Жанр: этно-фольклорлық музыка

Қосымша:

 

 

 

 

Көрермендердің толассыз сұрауына орай, Ұлы дала елінің әуендерін әлемге паш еткен «TURAN» тобы елордалық көрермендерге лекция-концертін қайталап ұсынады.

 «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі – қазақ халқының ұлттық музыкалық мұрасын жаңғыртып, ұмыт бола бастаған төл аспаптардың сүйемелдеуімен көне күй-жырларды насихаттайтын бірегей топ. Ансамбль ұлттық музыкалық аспаптардың дыбысын қазіргі заманға сай лайықтап, жаңа форматта ұсынып жүр. Он бес жылдық тарихы бар өнер ұжымы қазақ музыкасын әлемге әйгілеп, 70-тен астам шет мемлекетте 1300-ден астам жеке концерт берген. Ансамбль «Карнеги холл» (Нью-Йорк, АҚШ), «Кеннеди центр» (Вашингтон, АҚШ), «Концерт хаус» (Берлин, Германия), «Кремлевский дворец» (Мәскеу, Ресей), «Конгресс және фестивальдар сарайы» (Канн, Франция), «Салле Корто» (Париж, Франция) және өзге де атақты залдарда өнер көрсетті.

Ансамбльдің құрамында Мақсат Медеубек, Серік Нұрмолдаев, Бауыржан Бекмұханбетов, Ержігіт Әлиев, Жанту Дадабаев сынды талантты мультиинструменталист музыканттар бар. Қазақ халқының отыздан астам ұлттық музыкалық аспабы болса, музыканттардың әрқайсысы солардың бірнешеуінде ойнауды меңгерген.

Лекция-концерттің бағдарламасына топтың орындауындағы үздік әуендер мен жаңа туындылар енген. Рухани кемелденіп, ерекше әсер сыйлайтын әдемі кештен қапы қалмаңыздар!