3 актілі балет
Хореографиясы - Юрий Григорович
Музыкасы - Ариф Меликов
Сценография және костюмдер - Симон Вирсаладзе
«Махаббат дастаны» - бұл ғажайып би нөмірлері мен керемет сценография, таңғажайып әуендер және ежелгі парсы аңызының ерекше тартымдылығы. Бұл қойылым елу жастан асқан. Қоюшылары - композитор Ариф Меликов, либреттоның авторы Назым Хикмет, хореограф Юрий Григорович, суретші Симон Вирсаладзе сияқты өнер майталмандары бүгінгі таңда да ерекше жаңа әрі заманауи көрнекілігімен тәмсандыратын балет жасады. Уақыттың жойқын күші оған кері әсер еш ете алмас. Қойылым көрермендердің сүйіспеншілігін өзінің ұлылығымен, ауқымдылығымен және жан-жақты сюжеттік желілерімен қызықтырады. Оның астарында құштарлық пен алғашқы махаббаттың, борыш сезімінің күресі мен қызу махаббат жасырынған. Нәзім сезімталдылыққа толы жарқын көпшілікті сахналары және баурағыш дуэттерімен тәмсандырады.
Ханыша Мехменэ Бану өзінің таңғажайым сұлулығын кішкентай сіңілісі Шириннің өмірін сақтап қалу үшін құрбандық етті. Бұл құрбандық ол үшін қандай трагедияға айналды, апалы-сіңілінің қайсысына Ферхад есімді сырлы жігіттің таңдауы түспек, махаббат дауын еш қатерсіз тоқтатуға бола ма? «Астана балет» театрының сахнасында «Махаббат дастаны» балетін тамашалап, осы сұрақтардың жауабын таба аласыздар.