Өтетін орыны: Атырау қаласы, Абай көшесі, 8, Махамбет атындағы драма театры
Театр: Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры
Автор: Людмила Разумовская
Режиссері: Әділет Ақанов
Сценограф: Рауан Лұқпан
Ұзақтығы: 1 сағат 15 мин
Жас санаты: 14+
Жанр: Психологиялық драма
11 «б» сынып оқушылары ұстаздары Елена Сергеевнаны туған күнімен құттықтауға үйіне келеді. Қолдарында математика мұғаліміне әдейілеп алған сыйлықтары да бар. Залдағы көрермендердің «енді бір әдемі отырыс болар» деп ойлауы да әбден мүмкін. Бірақ, оқиға мүлдем басқа арнаға бұрылады. Ұстаздарын құттықтауға келген оқушылардың өз есептері бар. Олардың мақсаты – жалғызбасты, анасы ауруханада жатқан қамкөңіл Елена Сергеевнаның көңілін аулау емес, одан жазылған бақылау жұмыстары сақталған сейфтің кілтін алу, өздерінің нашар жазылған жұмыстарын ауыстырып қою ғана. Ал биік адамгершілік рухта тәрбиеленіп, нағыз еңбектің не екенін жақсы білетін адамның шәкірттерінің мұндай ұсынысына келісе қоюы мүмкін бе? Оқиға осы жерден мүлдем шиеленісе түседі. Сұрақтардың жауабын білгіңіз келсе театрға асығыңыз, көрермен!