newWidget
Қуыршақ: зұлымдықтың жандануы (2022) - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Қуыршақ: зұлымдықтың жандануы (2022)

Шығарылған жылы: 2022

Дистрибьютор: Меломан

Өндіріс елі: Индонезия

Режиссер: Кимо Стамбул

Басты актерлер: Тити Камал, Дви Сасоно, Сифа Хаджу, Музакки Рамдан

Жанр: сұмдық

Ұзақтығы: 92 минут

Жас шектеуі: 18+

Премьера күні: 25 шілде, 2024 жыл

 

«Қуыршақ: зұлымдықтың жандануы» фильмінде демалыста жүрген жанұя басына қасірет төніп, балаларының бірі ажал құшады. Қайғы орын алған жерде олар оғаш қуыршақты тауып, оның тылсым өмірге жол ашатын кілт екенін аңғарады. 

Қуыршақтың қорқынышты құпияларын бірте-бірте ашып, баласының жоғалуымен байланысты таба отырып, осы жерде төніп тұрған тылсым күш отбасының басқа мүшелірінің де ізіне түскені аңғарылады. Әрбір шешімі соңғы болып, әрбір тынысы ақтық болатын күрделі де тағдыршешті ойынның алауына түскен кейіпкерлер алда төнген қиындықтарды еңсеруі тиіс. 

Денені тітіркендіріп, бойды үрейге бөлейтін фильмде көрермендер шынайы өмір тылсым дүниемен жанасқан, отбасылық байланыс ауыр сынаққа салынған қорқыныш пен зұлым сиқыр әлемімен тоғысып, үшкір үрейді терең сезінетін болады.