newWidget
Қоштасқым келмейді... - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Қоштасқым келмейді...

Көрнекті орыс драматургы А. Володиннің терең психологизмімен ерекшеленетін пьесасына ажырасуға бел буған сегіз отбасының тағдыры арқау болады. Жасы, әлеуметтік мәртебесі, дүниетанымы жағынан әртүрлі бірнеше шаңырақ иелері сан түрлі өмір драмасына ұшырап, күмән-күдікке, тәкаппарлыққа бой алдырады - бақытты кездесулер баянсыз қоштасуларға ұласқалы тұр. Некелерін бұзуға сотқа келген оларды татуластырмаққа судья барын салады. Алайда өзімшіл ерлі-зайыптылар бірін бірі тыңдаудан, түсінуден қалған…

Шарттылық белең алатын қойылымда әр кейіпкер әртүрлі танымын, жеке дүниетанымын алға тартады. Әрбір кейіпкер, яғни әрбір адам – жеке әлем, тек сол әлемге үңілу, оны түсіне, қажет болса кешіре білу – үлкен қасиет. Негізінен театрдың жас буыны қатысатын спектакль өмірдің осы бір қарапайым да күрделі пәлсапасы туралы ойларға жетелейді.